4 сағат бұрын
Үндістан Азия чемпионатында Қазақстанды «алтынсыз» қалдырды
Ташкентте (Өзбекстан) 15 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.
Қазақстан атынан сынға түскен Нұржанат Бекназар 37 келіге дейінгі салмақта үндістандық Анзимен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, қазақстандық боксшы жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Ташкенттегі юниорлар арасындағы Азия чемпионаты екі жас санаты бойынша өтуде және жарыс 15 мамырда өз мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан