3 сағат бұрын
Қазақстан боксшысы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 15 және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
15 жасқа дейінгі санатта 52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самал Төлепберген финалда Аруузат Маликованы жеңді. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Ал Маликова жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Ташкенттегі жарыс World Boxing ұйымының аясында өтіп жатыр және 15 мамырда өз мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан