Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстандық боксшылардың финалдағы нәтижесі белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың финалдағы нәтижесі белгілі болды

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 15 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалында қазақстандық спортшылар бірнеше жүлде үшін жекпе-жек өткізді.

55 келіге дейінгі салмақта Аруна Шалман финалда өзбекстандық Бахора Махмуджоновамен кездесіп, төрешілердің шешімімен (1:4) жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.

61 келіге дейінгі салмақта Айяру Файзуллаева үндістандық Бумикамен алтын үшін жұдырықтасып, алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

67 келіге дейінгі салмақта Нұргүл Сахи өзбекстандық Шахона Мулложонованы 4:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ал 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Көркем Ғалым Өзбекстан өкілі Захро Даниёроваға екінші раундта мерзімінен бұрын есе жіберді.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты U-15 және U-17 жас санаттары бойынша өтуде.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан