Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15.05.2026

Қазақстан Сербиядағы турнирді жеңістермен бастады

Қазақстан Сербиядағы турнирді жеңістермен бастады

Белградта (Сербия) халықаралық «Белград жеңімпазы» бокс турнирі басталды. Аталған додада Қазақстан құрамасы да өнер көрсетуде.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық тоғыз боксшы алғашқы жекпе-жектерін өткізсе, тағы бір спортшы — Әділбек Қожахан (55 кг) қарсыласының шықпауына байланысты келесі кезеңге өтті.

Ірі есеппен жеңіске Нұрзат Оңғаров (50 кг) пен Нұрсұлтан Шильдебай (80 кг) жетті. Екеуі де қарсыластарын 5:0 есебімен жеңді.

Алғашқы айналымда Диас Берікбай (50 кг), Бексұлтан Боранбек (55 кг) және Асылхан Қошербай (65 кг) жарыс жолын жеңіліспен бастады.

Сонымен қатар Нұрасыл Төлебек (60 кг), Нұрбек Мурсал (70 кг), Аман Қонысбек (75 кг) және Аян Қалмағанбетов (85 кг) қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің алғашқы күнін бірнеше сенімді жеңіс және үш жеңіліспен аяқтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан