15.05.2026
Қазақстандық жас боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 финалдық жекпе-жек өткізеді.
15 мамыр күні қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінің алтын медальдары үшін рингке шығады. Оның ішінде бес финалда Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары өзара кездеседі.
Ұлдар арасында шешуші айқастарға Нұрасыл Ғалым (50 кг), Әмір Мұхит (60 кг), Мейіржан Жүніс (63 кг), Ислам Сүлейманоғлы (66 кг), Әлібек Алпамыс (80 кг) және Сабыржан Сағым (+80 кг) шығады.
Ал қыздар арасында Хатшепсут Садвакасова (50 кг), Балым Ғабитқызы (60 кг), Аяулым Оспанова (66 кг), Диана Надырбек (75 кг) және Жансая Ержан (80 кг) чемпиондық үшін жұдырықтасады.
Финалдық жекпе-жектер 15 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Айта кетейік, Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және жарыс 15 мамырда аяқталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан