Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15.05.2026

Қазақстан бапкері Азия чемпионатының қорытындысын шығарды

Қазақстан бапкері Азия чемпионатының қорытындысын шығарды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Жақсылық Молдаханов Ташкентте өткен U15 және U17 Азия чемпионатындағы команданың өнеріне баға берді.

Маманның айтуынша, қазақстандық боксшылар екі аптаға созылған турнирде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған.

«Балалар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Финалда күміс пен қола алған спортшылар да лайықты өнер көрсетіп, нағыз батыр екенін дәлелдеді. Бұл олардың алғашқы Азия чемпионаты болғанына қарамастан, жақсы нәтиже көрсетті», — деді бапкер.

Сондай-ақ Жақсылық Молдаханов жарыс алдындағы дайындық үш кезең бойынша өткенін атап өтті. Оқу-жаттығу жиындары «Алматау», «Үшқоңыр» және «Жаңашар» базаларында ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 5 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен үшінші орынға тұрақтады. Қазақстаннан жоғары Өзбекстан мен Үндістан құрамалары орналасты.

15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 1–15 мамыр аралығында Ташкентте World Boxing ұйымының қолдауымен өтті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан