15.05.2026
Хатшепсут Садвакасова Азия чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Хатшепсут Садвакасова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
50 келіге дейінгі салмақта өткен финалда қазақстандық спортшы өзбекстандық Парвина Шакарованы 4:1 есебімен жеңіп, құрлық чемпионы атанды.
Айта кетейік, жарыс World Boxing ұйымының аясында U-15 және U-17 санаттары бойынша өтуде.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан