17.05.2026
Сербияда «Belgrade Winner» халықаралық турнирінің финалистері анықталды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан құрамасынан үш боксшы ақтық сынға жолдама иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
60 келі. Нұрасыл Төлебек жартылай финалда Армения спортшысы Эрис Арстамяннан 4:1 есебімен басым түсті.
70 келі. Нұрбек Мурсал сербиялық қарсыласы жекпе жектен бас тартуына байланысты, жартылай финалда жеңімпаз деп танылды.
90 келі. Ибрагим Бетаев қарсыласы Богдан Толмачов (Украна) жарақатына байланысты, жекпе жексіз финалға өтті.
Төрт боксшымыз қола жүлдегер атанды
50 келі. Нұрзат Оңғаров 1/2 финалда филиппиндік Кларк Вицераға жол берді.
80 келі. Нұрсұлтан Шілдебай Олимпиада чемпионы Александр Хижнякқа есе жіберді.
85 келі. Аян Қалмағанбетов украиналық Данило жасанға 2:3 есебімен жеңілді.
90 келіден жоғары. Аслан Елдібайұлы Түркия өкілі Берат Акарға жол берді.
Финалдық жекпе жектер 17 мамырға жоспарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан