Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

Бокс федерациясы тағы бір танымал спортшымен толықты

Бокс федерациясы тағы бір танымал спортшымен толықты

Батыр Жүкембаев Алматы облысы бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматы облысы бокс федерациясының президенті Бекжан Әшірбаев бұл тағайындау жайлы былай деді:

«Біз Алматы облысы бокс федерациясына жаңа вице-президент тағайындап жатырмыз. Елімізге танымал меценат әрі спорт жанашыры, қазіргі таңда кәсіпқой боксшы болып жүрген бауырымыз Батыр Жүкембаевты облысымызға вице-президент етіп тағайындаймыз. Қазір біз боксты ұлттық спорт түрі ретінде дамытып жатырмыз. Батыр — осы жолда үлкен үлес қосып жүрген еліміздің батырларының бірі. Біз бұған өте қуаныштымыз».

Батыр Жүкембаев — бірінші жартылай орта салмақтағы (63,5 келіге дейін) Қазақстан кәсіпқой боксының ең жарқын өкілдерінің бірі. Әр жылдары ол WBA Continental, IBF Inter-Continental, WBC Continental Americas және IBO International секілді беделді ұйымдардың аймақтық және қосалқы чемпиондық белбеулерін жеңіп алған.

Боксшы 6 маусымда Ташкент қаласында Жүкембаев өзбекстандық танымал нокаутшы Шохжахон Эргашевпен жекпе-жек өткізеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан