13 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы: рингті сағындық
Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz
"6 жасымда қолғап киіп едім. Міне 27 жылдан бері рингте жүр екем. Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес. 4 бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп!
Рингті сағындық. Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін. Бұйырса, желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын!", - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, отандасымыз допинг дауына байланысты 2026 жылдың желтоқсан айына дейін спорттан шеттетілген.
Ол жылдың соңында Ұлыбритания боксшысы Дензел Бентлимен екінші мәрте жұдырықтасып қалуы әбден мүмкін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов