13 сағат бұрын
Геннадий Головкин Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті
Фото: Қазақстан ҰОК
Елордаға ресми сапар аясында World Boxing делегациясы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесу өткізді.
Келіссөзге World Boxing президенті Геннадий Головкин, федерацияның бас хатшысы Том Дилен, сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп қатысты.
Тараптар бокстан Астанада өтетін 2027 жылғы әлем чемпионатына дайындықтың негізгі бағыттарын талқылады. Кездесу барысында қалалық инфрақұрылымның дайындығы, көлік және логистика жүйесі, сондай-ақ, жарысқа қатысушыларды, ресми тұлғалар мен қонақтарды орналастыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Бұдан бөлек, тараптар қалалық қызметтер мен ұйымдастыру комитеті арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда, жарыс кезеңінде негізгі нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Айта кетейік, бұған дейін World Boxing өкілдері әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отырған «Барыс Арена» көпфункционалды кешенінің мүмкіндіктерімен танысқан болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан