Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогына дайындығын бастады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогына дайындығын бастады

Фото: Қазақстан ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған жиынға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары қатысуда.

Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдап, жалпы дене дайындығына жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, екінші Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады

Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады. Беделді бәсекеде Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Виктория Графеева (60 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ал Аида Әбікеева (65 келі) күміс медаль алса, Алуа Балқыбекова (51 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Диас Молжігітов (80 келі) қола жүлдегер болды.

Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын Геннадий Головкин Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесті.

https://sport12.kz/boxing/20830-gennadii-golovkin-astana-qalasynyn-akimi-zhenis-qasymbekpen-kezdesti/


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан