3 сағат бұрын
Александр Усик чемпиондық жекпе-жектің алдында салмақ өлшеді
Украиналық боксшы Александр Усик пен нидерландтық Рико Верхувен титулдық жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Усик пен Верхувен Гизада (Египет) WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін 23 мамыр күні жұдырықтасады. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 24 мамырдың түнінде 01:30-да басталады.
Украиналық спортшы қарсыласынан 11,5 келіге жеңіл болды: 105,82 кг қарсы 117,34 кг. Екі спортшы да ауыр салмақ дивизионының шегіне сай келді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов