3 күн бұрын
Александр Усиктің келесі қарсыласы ресми анықталды
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті WBC Маурисио Сулейман украиналық боксшы, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усиктің келесі қарсыласын атады, деп хабарлайды Sport12.kz
23 мамыр күні Усик нидерландиялық Рико Верхувенді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBC чемпионы атағын қорғап қалған еді.
«Келесі жекпе-жек — Кабайел мен Усик арасында өтеді», — деді Сулейман Лэнс Пугмайрға берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясының ойын-сауық министрі Турки әл аш-Шейх Рико Верхувен мен Александр Усик арасында реванш ұйымдастыруға уәде берген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов