2 күн бұрын
Бивол командасы Айферттен қауіп күтетінін жасырмады
Жартылай ауыр салмақтағы WBO, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иегері Дмитрий Биволдың бапкері Дмитрий Кириллов ресейлік боксшының германиялық Михаэль Айфертке қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
Маманның айтуынша, қарсылас тосын стилімен қиындық тудыруы мүмкін, алайда күтпеген жағдай болмауы тиіс.
«Айферт Биволға кей тұста қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ біз ешқандай тосынсый күтпейміз. Бивол командасының басты мақсаты – қарсыласын мерзімінен бұрын жеңу емес, жекпе-жекті дұрыс өткізу, денсаулықты сақтау және қауіпсіз бокс көрсету. Ұзақ үзілістен кейін Дмитрийге рингті қайта сезіну маңызды», – деді Кириллов.
Айта кетейік, Дмитрий Бивол 30 мамыр күні Екатеринбург қаласында Михаэль Айфертке қарсы жекпе-жек өткізіп, WBA және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Ресейлік боксшы соңғы рет рингке 2025 жылдың ақпан айында шыққан. Оның еншісінде 24 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал 28 жастағы Айферт кәсіби мансабында 13 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан