2 сағат бұрын
Олимпиада жүлдегері, допингтен оралған Абзал Серік: Сағадат Нұрмағамбетовтың турнирінде кімдер финалға шықты?
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ең жеңіл 50 келіде Абай облысының өкілі Ернар Қарап өзінің чемпиондыққа үміткер екендігін дәлелдеп келеді. Ол жартылай финалда бір бас жоғары өнер көрсетіп, Ербол Абдреимовты (Жамбыл обл) 5:0 есебімен жеңді.
55 келіде атақты Сәкен Бибосынов та айтарлықтай қиындыққа тап болмай, Қарағанды облысының боксшысы Нұрислам Бекеннен төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.
60 келіде Асылжан Серікбай тағы да бір алтынға үміткер Жандос Қыдырәлиеті жарыстан шығарды. Есеп: 3:2.
65 келіде алдын ала болжағандай, U22 санатында 2 дүркін Азия чемпионы Нұрислам Қалдыбаев пен 3 жылдық үзілістен кейін спорт жолына оралған Абзал Серік ақтық сынға жолдама алды.
70 келіде Елнұр Сүйінбай қарсылас шыдатпай, финалға емін-еркін жетті. Оны Жетісу облысының мықтысы Дархан Дүйсебай күтіп тұр.
80 келіде Нұрқанат Райыс та финалға дейін жетті.
Аса ауыр салмақта Өзбекстанның этникалық қазағы Мадияр Саидрахимов қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпиондыққа таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 29 мамырда белгілі болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов