2 күн бұрын
Қазақстандық боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов (11-0, 8 KO) келесі жекпе-жегін 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өткізеді.
Қазақстандық боксшы колумбиялық Альбейро Паредеспен (14-2, 12 KO) қолғап түйістіреді. Екінші жеңіл салмақта өтетін кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Евгений Павлов 25 сәуірде екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралып, америкалық Антонио Дантон Эла-младшийді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.
Ал Альбейро Паредес соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізіп, америкалық Эдвард Васкеске техникалық нокаутпен есе жіберген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан