Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Агит Кабайел Александр Усикпен титулдық жекпе-жек талап етті

Агит Кабайел Александр Усикпен титулдық жекпе-жек талап етті

WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы уақытша чемпион Агит Кабайел әлем чемпионы Александр Усикпен жекпе-жек өткізуге лайық екенін айтып, украиналық боксшыны айқасқа шақырды.

Германиялық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жасап, енді үнсіз күтпейтінін жеткізді.

«Соңғы уақытта бір нәрсені түсіндім: тек нокаут жасап, үнсіз күту титулдық мүмкіндік алуға жеткіліксіз. Сондықтан бұдан былай үндемей отырмаймын. Барлығы құрмет аясында. Ешқандай артық сөзсіз — іске көшейік. Усик, жекпе-жекті қабылда немесе белбеуді босат», — деп жазды Кабайел.

Еске салайық, өткен аптада Александр Усик мысырлық бокс кешінде Рико Верхувенді жеңіп, WBC чемпиондық белбеуін қорғап қалған болатын. Жекпе-жектен кейін Усик пен Кабайел дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.

33 жастағы Агит Кабайел уақытша WBC белбеуін 2025 жылдың ақпанында қытайлық Чжан Чжилейді нокаутқа түсіріп жеңіп алған. Ал 2026 жылдың қаңтарында ол титулын қорғап, Дамиан Кныбаны үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан