Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Бақыт Сәрсекбаев: Спортта жаңа жүйе қалыптасып жатыр

Бақыт Сәрсекбаев: Спортта жаңа жүйе қалыптасып жатыр

Мажарстанда жастар құрамасымен жарысқа қатысып жүрген қазақстандық спортшы елдегі спорт саласына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Уақыттың тығыздығына байланысты сұхбат бере алмаған ол ойларын жазбаша түрде жеткізген.

Спортшы Қазақстан спортының әр кезеңін көргенін, әрі спортшы әрі Олимпиада чемпионы ретінде де тәжірибесі бар екенін айтып, қазіргі жағдайды бұрынғы жылдармен салыстыруға құқығы бар екенін атап өтті.

Оның айтуынша, спорт саласында соңғы жылдары маңызды институционалдық өзгерістер орын алған. Атап айтқанда, спорттың мәдениет саласынан бөлініп, жеке министрлікке айналуы және басшылыққа спорттан хабары бар маманның келуі саладағы мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік берген.

«Тәуелсіздік жылдарында қазақ спорты үлкен жетістіктерге жетті. Дегенмен сол жетістіктерге үлес қосқан көптеген спортшылар мен мамандардың кейінгі тағдырына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей қалған кездер де болды», – дейді ол.

Спортшы кейбір Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері жұмыссыз қалып, тіпті шетелге кетуге мәжбүр болғанын да атап өтті.

Сонымен бірге ол соңғы жылдары бұл бағытта оң өзгерістер байқалатынын айтты. Оның сөзінше, бұрын спорттан шет қалған бірқатар тәжірибелі спортшылар қайтадан жүйеге тартылып, олардың білімі мен тәжірибесі бағаланып жатыр.

«Олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, тұрақты жұмысқа орналасуына және қалыпты өмірге оралуына нақты қолдау көрсетілуде», – дейді ол.

Спортшы бұл өзгерістерді ресми есептен емес, өз тәжірибесі арқылы байқап жүргенін атап өтті.

Соңында ол спорттағы белгілі бір әріптесінің айналасындағы жағдайға алаңдайтынын жеткізді.

«Жеңістің мыңдаған әкесі бар. Чемпион болсаң, жанашыр да, ақыл айтушылар да көп болады. Бірақ бәрі уақыт өте реттеледі деп сенемін», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, қазір Михаил Шайдоровтың мәлімдемесіне қатысты атақты спортшылар жаппай өз пікірлерін білдіріп жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан