Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлы: алдағы жекпе-жекке дайындықты бастадым

Жәнібек Әлімханұлы: алдағы жекпе-жекке дайындықты бастадым

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингке оралуға дайындықты бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлем чемпионы қазірдің өзінде жаттығу процесіне кіріскенін және жақын уақытта толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге аттануды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Мен алдағы жекпе-жекке дайындықты бастадым. Егер бәрі ойдағыдай болса, алдағы күндері үлкен оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін шетелге жол жүреміз. Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр. Біз тарих жасауды жалғастырамыз. Біз осы сенімді ақтау үшін және көк байрағымызды тағы да биікке көтеру үшін бар күшімізді саламыз!» – деп жазды Әлімханұлы.

2025 жылдың желтоқсан айында қазақстандық боксшының айналасында допинг дауы өршіп, оның сынамаларынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған болатын. Осыған байланысты WBA чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіруші жекпе-жек тоқтатылды. Тергеу нәтижесінде IBF ұйымы Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды, ал WBO спортшыны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетіп, өз титулын сақтап қалды.

Шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандық боксшы WBO белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс. Ықтимал қарсыласы ретінде ұйымның уақытша чемпионы, британдық боксшы Денцель Бентли аталып отыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан