Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан тумасы Роман Фресс алғашқы тең нәтижесін тіркеді

Қазақстан тумасы Роман Фресс алғашқы тең нәтижесін тіркеді

Қазақстанда дүниеге келген, Германия намысын қорғайтын боксшы Роман Фресс (23-1, 13 KO) Германияның Магдебург қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді.

Фресс Косово өкілі Арменд Джоксгайға (23-4, 12 KO) қарсы шаршы алаңға шықты. Кездесуде бірінші ауыр салмақтағы WBO ұйымының үш белбеуі — WBO Inter-Continental, WBO European және WBO International атақтары сарапқа салынды.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Айта кетерлігі, үшінші раундта Роман Фресс екі рет нокдаунға түскеніне қарамастан, кездесуді тең нәтижемен аяқтап, мінез көрсетті.

Бұл тең нәтиже екі боксшының да кәсіпқой мансабындағы алғашқы тең есеп болып тіркелді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан