6 сағат бұрын
Баходир Жалоловтың басты қарсыласы атанған Иван Дычко шаршы алаңға қайта оралады
Фото:Sport12
Қазақстандық боксшы Иван Дычко бір жарым жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады.
Иван Дычко 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінде жұдырықтасады. Отандасымыз аса ауыр салмақта британдық Харви Дайкске қарсы қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, британдық боксшы кәсіби бокстағы мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ал Иван Дычко соңғы рет 2025 жылдың 13 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында шаршы алаңға шыққан.
Ол бұл бокс кешінде америкалық Джермейн Франклинге төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен есе жіберген. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды.
Енді айтулы бәсеке қос боксшы үшін де маңызды айқастардың бірі болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан