2 сағат бұрын
Бек Нұрмағанбет WBA рейтингінен шығып қалды
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) жаңартылған рейтингтік тізім жариялады. Айтулы тізімде екінші орта салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағанбет рейтингтегі үздіктер қатарынан шығып қалды.
Ол бұған WBA рейтингіндt 11-орында болған еді.
Ал екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек 4-орнын сақтап қалды.
Сондай-ақ жартылай орта салмақта Руслан Мәдиев 9-орыннан бір саты жоғарылап 8-орынға жайғасты.
Бұған қоса жеңіл салмақта WBA Asia белбеуінің иегері Елшат Нығметолла өз позициясын жақсартты. Ол рейтингте 8-орыннан 7-орынға ілгерледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан