3 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін жаттығуға қайта кірісті
Фото:Topring
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін қайтадан жаттығу залына оралды. Бұны оның менеджері Берік Сұлтан айтты.
"Қымбатты бауырлар, құрметті қазақстандық жанкүйерлер! Қазір таңғы бес жарым. Біз жаттығуды сағат бесте бастадық. Qazaq Style командасы жаттығу лагеріне қайта оралды.
Бізді желтоқсан айында үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Оған дейін екі оқу-жаттығу жиынын өткізуіміз керек. Бірінші кезеңді қазір бастап кеттік. Ай соңында шетелге аттанамыз. Сол жақта бапкермен және үлкен командамен жұмыс істейміз. Оған дейін бабымызды келтіріп, ағзаны алдағы ауыр дайындыққа бейімдеп алуымыз қажет", — деді Берік Сұлтан.
Жәнібек Әлімханұлының өзі де жаттығуға кіріскенін, қазіргі таңда салмақ қуып жатқанын айтты.
“Жайындығымыздың бірінші кезеңі басталды. Қазір аздап салмақ қуып, қалыпқа келуіміз керек. Сондықтан әзірге Қазақстанда жаттығып жатырмыз. Кейін айдың соңында шетелдегі оқу-жаттығу жиынына барамыз.
Қазір қол-аяқты күшейтуге, физикалық дайындыққа басымдық беріп жатырмыз. Одан кейін тактикаға көшеміз. Бұл — бокс мектебі. Базалық дағдыларды қайта пысықтап, техникалық және физикалық жұмыстар атқарамыз. Қимыл-қозғалысты арттырып, техниканы шыңдаймыз", — деді Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, 2025 жылғы 2 желтоқсанда Voluntary Anti-Doping Association (VADA) жүргізген тексеріс барысында оның ағзасынан тыйым салынған зат анықталған. 2026 жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы бір жылдық дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін рингке қайта оралуы тиіс. Қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпионға қарсы титулын қорғайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан