Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан және Өзбекстан құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады

Бокстан Қазақстан және Өзбекстан құрамалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады

Фото:ҚБФ

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Түркістан облысындағы Алматау спорт базасында оқу-жаттығу жиынын бастады.

Жиынға төрт елдің былғары қолғап шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстан құрамаларының боксшылары бірлесіп дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл оқу-жаттығу жиыны Қытайда өтетін World Boxing Әлем кубогі алдындағы соңғы дайындық кезеңі болмақ.

Аталған халықаралық турнир 15–21 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық боксшылар оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін Қытайға аттанып, Әлем кубогінде ел намысын қорғайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан