2 күн бұрын
Әлем кубогының кезеңіне қатысатын құрам анықталды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен Қытайға аттанды.
Команда Әлем кубогының екінші кезеңі қарсаңында халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынға АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің құрамалары қатысады.
Қазақстан құрамасының сапына Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Элина Базарова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова енді.
World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында ұйымдастырылады.
Турнирге әлемнің 54 елінен және өңірінен шамамен 400 спортшы қатысады. Жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы 20 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан