2 күн бұрын
Евгений Павлов алғаш рет WBC титулы үшін жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов келесі жекпе-жегінде чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында колумбиялық Альбейро Паредеспен кездеседі.
Бұл айқаста WBC Continental Americas ұйымының бос тұрған чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.
Павлов үшін бұл 2026 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Ол биыл 25 сәуірде екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралып, америкалық Антонио Дантон Элді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
Қазіргі таңда Евгений Павлов кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның сегіз жеңісі нокаутпен аяқталған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан