Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстандық боксшы WBC белбеуі үшін айқас өткізеді

Қазақстандық боксшы WBC белбеуі үшін айқас өткізеді

Фото:Gettysport

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов кезекті жекпе-жегінің қашан өтетіні туралы айтты. Спортшының айтуынша, ол 11 шілде күні Колумбияның Барранкилья қаласында рингке шығады.

Бұл кештің басты айқастарының бірі WBC International титулы үшін өтпек. Ал “Қазақ титаны” атанып жүрген Жұманов үшін бұл айқас рейтингтік тұрғыдан да, мансаптық өсім жағынан да маңызды бәсеке болмақ.

Жерлесіміздің қарсыласы венесуэлалық боксшы Мойсес Самбрано. Ол мансабында әзірге жеңілмеген спортшы. Қазіргі таңда ол кәсіпқой бокста 27 рет жеңіске жетіп, 20-сын нокаутпен аяқтаған.

Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді. Бұл айқастың жеңімпазы WBC International белбеуін иеленеді.

Айта кетейік, Жұманов бұған дейін 16 мамыр күні Эквадордың Кито қаласында шаршы алаңға шығып, венесуэлалық Фелипе Ларесті техникалық нокаутпен жеңген еді. Сол нәтиже оған WBC Latino Silver титулын сыйлады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан