14 сағат бұрын
WBC чемпионы Жәнібектің салмағында қалатын болды
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адаместің салмақ дәрежесін ауыстырмайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, доминикандық боксшының екінші орта салмаққа ауысуы туралы әңгімелер болғанымен, спортшының командасы оның орта салмақта қалатынын растаған.
Бұған дейін Адамес әлеуметтік желідегі парақшасында дивизион ауыстыратынын меңзеген жазба жариялаған еді. Боксшы мұндай шешімге қарсыластарының жекпе-жек өткізуден бас тартуына байланысты келгенін айтқан болатын.
Айта кетейік, Карлос Адамес пен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы чемпиондық айқас соңғы жылдары бокстағы ең көп талқыланған кездесулердің бірі болды. Тараптар бірнеше рет келіссөз жүргізгенімен, жекпе-жек ұйымдастырылмады.
Осылайша, Адаместің орта салмақта қалуы болашақта бұл қарсыластықтың қайта жандануына мүмкіндік қалдырып отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан