12 сағат бұрын
Сойлыбаев WBC рейтингінен шығып қалуы мүмкін
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтинг кестесі жарияланды.
Соңғы мәліметке сәйкес, қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте бір саты төмендеп, 39-орынға түсті. Ол рейтингтен шығып қалуға жақын тұр — оны тек бір орынға ғана бөліп тұр.
Айта кетейік, орта салмақта қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов өз орнын сақтап, рейтингтің көшін бастап тұр.
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы — Карлос Адамес, ал уақытша чемпиондық белбеу америкалық Хесус Рамостың қолында.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан