Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Иван Дычко мансабында жеңіліп көрмеген британдық боксшыны айқын басымдықпен жеңді

Иван Дычко мансабында жеңіліп көрмеген британдық боксшыны айқын басымдықпен жеңді

Фото:UFC

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко Ұлыбританияның Борнмут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.

35 жастағы боксшының бұл UFC президенті Дана Уайт негізін қалаған Zuffa Boxing промоушеніндегі алғашқы бәсекесі.

Иван Дычко аса ауыр салмақта британдық Харви Дайксрен өзара мықтыны анықтады. Он раундқа жоспарланған айқаста отандасымыз алғашқы сәттен-ақ басымдық танытты.

Ол жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске Иван Дычко жетті.

Бұл Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы мансабындағы 16-жеңісі. Ал Харви Дайкс кәсіпқой бокста алғаш рет ұтылып отыр.

Айта кетейік, Иван Дычко 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы мен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан