Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Баходир Жалолов 16, Иван Дычко 71-орында: BoxRec ауыр салмақтағы жаңартылған рейтингті жариялады

Баходир Жалолов 16, Иван Дычко 71-орында: BoxRec ауыр салмақтағы жаңартылған рейтингті жариялады

Фото:Sport12

BoxRec статистикалық порталы ауыр салмақтағы әлемнің үздік кәсіпқой боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Аталған рейтингте қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 71-орынға жайғасты.

Бұған дейін Иван Дычко Англияның Борнмут қаласында өткен жекпе-жекте британдық Харви Дайксты нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңген. Бұл нәтиже оның BoxRec рейтингіндегі көрсеткішіне оң әсер етті.

Ал аса ауыр салмақтағы фавориттердің бірі саналатын Баходир Жалолов рейтингте 16-орында тұр. Сондай-ақ өзбекстандық тағы бір боксшы Лазизбек Муллажанов 85-орынға орналасты.

Айта кетейік, Лазизбек Муллажанов әуесқой бокста допинг дауына ілінген. Дегенмен оған кәсіпқой рингте өнер көрсетуге рұқсат берілген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан