1 күн бұрын
Қазақстандық боксшылар Әлем кубогі қарсаңында Түркістанда дайындалып жатыр
Фото:ҚБФ
Түркістан облысында Қазақстан ерлер құрамасының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтуде.
1-12 маусым аралығына жоспарланған жиынға ұлттық құраманың 61 спортшысы қатысып жатыр.
Оқу-жаттығу барысында қазақстандық боксшылар шетелдік командалармен бірге дайындалып, осы аптада үш спаррингтік өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, аталған жиын аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогінің екінші кезеңінде бақ сынайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан