Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енгізіледі

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енгізіледі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KO) есімі Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) ресми түрде қосылады.

Салтанатты рәсім осы аптада өтеді. The Ring басылымының хабарлауынша, Головкин 2026 жылғы Даңқ залына енген жаңа мүшелерді таныстыру рәсімінің басты тұлғаларының біріне айналмақ

Басылым бұл тарихи сәт қарсаңында боксшының мансабындағы есте қаларлық жекпе-жектердің бірін еске алды. 2019 жылдың 9 маусымында Головкин канадалық Стив Роллсты бесінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Головкин орта салмақта ұзақ жылдар бойы WBA, IBF және WBC чемпиондық белбеулерін иеленіп, абыроймен қорғады. Ол кәсіби мансабында әлемдік бокстың ең мықты өкілдерінің бірі ретінде танылды.

IBHOF жыл сайын рингте айрықша із қалдырған спортшыларды марапаттайды. Биыл Головкин осы мәртебелі тізімге енген алғашқы қазақстандық атанды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан