3 күн бұрын
ҚФБ Қазақстан құрамасының ең үздік бес нокаутын жариялады
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың қазіргі мүшелері тіркеген ең әсерлі бес нокаутты жариялады.
Тізімге енген ең жарқын мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер:
Бекзат Нұрдәулетов – Ақмалжан Исроилов (Өзбекстан)
2025 жылғы 25 ақпанда Болгарияда өткен «Странджа кубогы» турнирінің 1/8 финалында 86 келіге дейінгі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Айбек Оралбай – Александр Окаров (Германия)
Қазақстан құрамасының капитаны 2023 жылдың ақпанында Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Бочкайды еске алу халықаралық турнирінде қарсыласын бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Сабыржан Аққалықов – Джошуа Арон Кузин
2025 жылғы 6 желтоқсанда Дубайда өткен IBA әлем чемпионатының 1/16 финалында 75 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшы жекпе-жекті екінші раундтағы нокаутпен аяқтады.
Махмұд Сабырхан – Башким Баджоку (Косово)
2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Сабырхан қарсыласын небәрі 30 секундта нокаутқа жіберді. Кейін Boxing News басылымы бұл соққыны турнирдің үздік нокауты деп атады.
Оразбек Асылқұлов – Мукело Дламини (Эсватини)
2025 жылғы 9 желтоқсанда Дубайдағы IBA әлем чемпионатында Асылқұлов қарсыласын 21 секундта нокаутқа түсіріп, жарыстағы ең жылдам жеңістердің біріне қол жеткізді.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов биыл әуесқой бокстағы мансабын аяқтаған. Ал қалған боксшылар қазіргі уақытта Гуйянда өтетін Әлем кубогының екінші кезеңіне дайындық жүргізіп жатқан Қазақстан құрамасының сапында.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан