2 күн бұрын
“65 келі салмақта ел ішінде бәсекелестік өте жоғары” — Ертуған Зейнуллинов әлем кубогіне қатыспайды
Фото:ҰОК
Боксшы Ертуған Зейнуллинов Қытайда өтетін Әлем кубогіне қатыспайтынын болды. Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.
«Бірлескен оқу-жаттығу жиыны жақсы деңгейде өтіп жатыр. Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан елдерінің боксшыларымен бірге дайындық жасаудамыз. Спаррингтер бәріміз үшін үлкен тәжірибе болып жатыр. Алдағы маңызды жарыс - Қазақстан чемпионаты. Қазірден бастап соған дайындалып жатырмыз. 65 келі салмақта ел ішінде бәсекелестік өте жоғары. Бұл салмақта қарсыластар көп, сондықтан шын мықты спортшы жеңіске жетеді деп ойлаймын. Ал Қытайда өтетін Әлем кубогына мен қатыспаймын. Бұл жарысқа басқа спортшы барады», – деді Ертуған Зейнуллинов.
Айта кетейік, Ертуған Зейнуллинов 2025 жылғы Дубайда өткен IBA Әлем чемпионатында 63,5 кг салмақта қола медаль иегері атанды. Ал 2026 жылы Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өткен Азия чемпионатында да қола жүлде еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан