2 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан чемпионымен спарринг өткізді
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрқанат Райысымен спарринг өткізді.
Бұл туралы чемпион әлеуметтік желідегі сторисінде хабарлап, қарсыласымен түскен суретін бөлісті. Әлімханұлы спаррингті жоғары бағалап, Райысқа алғыс білдірді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта допинг-тест нәтижесіне байланысты уақытша спорттан шеттетілген. Оның дисквалификациясы желтоқсан айына дейін жалғасады. Сол айда ол WBO белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс.
Нұрқанат Райыс жақында Алматыда өткен Сәгадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирде 80 кг салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан