Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Геннадий Головкинге АҚШ-та ерекше құрмет көрсетті

Геннадий Головкинге АҚШ-та ерекше құрмет көрсетті

Фото:ҰОК

Қазақстан кәсіпқой боксының аңызы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкинге АҚШ-та ерекше құрмет көрсетілді.

Даңқты боксшы Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласына Халықаралық бокс даңқы залының (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) салтанатты рәсіміне қатысуға барды.

Айтулы шара 11-14 маусым аралығында өтеді. Осы рәсім аясында Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанады.

Осылайша, Головкин аталған мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық боксшы ретінде тарихқа енді.

Халықаралық бокс даңқы залына әлемдік боксқа зор үлес қосқан спортшылар, бапкерлер мен функционерлер қабылданады. Головкиннің есімі де бокстың ең көрнекті тұлғаларының қатарынан орын алды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында World Boxing ұйымының президенті болып сайланған еді. Осылайша ол халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанып отыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан