14 сағат бұрын
Қазақстандық боксшылар 50 миллион теңгелік турнирге қатысады
Қазақстанның 23 жасқа дейінгі бокс құрамасы Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
Енді команда Индонезия астанасы Джакартада 3-16 шілде аралығында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына дайындықты Алматы облысында жалғастырады. Құрама бас бапкер Мақсат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен құрлықтық додаға әзірленіп жатыр.
Азия чемпионатына шамамен 36 елдің боксшылары қатысады. Турнир ерлер арасындағы 13 және әйелдер арасындағы 12 салмақ дәрежесінде өтеді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын (шамамен 50 миллион теңге) құрайды. Алтын медаль иегерлері 1000 доллар, күміс жүлдегерлер 500 доллар, ал қола жүлдегерлер 250 доллар алады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан