3 күн бұрын
Қазақстандық боксшы үш нокдаунмен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогіндегі алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Оралбай Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичхэмен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша Нұрбек Оралбай турнирдің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Өзбекстан боксшысы Турабек Хабибуллаевмен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан