3 күн бұрын
Әлем чемпионы Наталья Богданова жарыс жолынан шығып қалды
Әлем чемпионы Наталья Богданова жарыс жолынан шығып қалды
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде алғашқы жекпе-жектер басталды. Турнирдің алғашқы күнінде 75 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Наталья Богданова жергілікті боксшы Цзяо Баомен қолғап түйістірді.
Тартысты өткен бәсекеде төрешілер шешімімен қытайлық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Богданова жарысты алғашқы айналымда аяқтады.
Айта кетейік, бұл Наталья Богданованың жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болды.
Наталья Богданова — 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан