5 сағат бұрын
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқ залына ресми жазылуымен құттықтады
Фото:Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына ресми түрде қабылдануымен құттықтады.
Президент бұл оқиғаны отандық спорт үшін зор жетістік деп бағалап, Головкиннің әлемдік бокста қалдырған қолтаңбасы айрықша екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл жетістік Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін нығайтуға қосылған маңызды үлес екені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді ел мақтанышы әрі Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген спортшы ретінде сипаттап, оның жолы жас буынға үлгі болатынына сенім білдірді.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан