Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18 сағат бұрын

Санатәлі Төлтаев әлем кубогін сенімді жеңіспен бастады

Санатәлі Төлтаев әлем кубогін сенімді жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем кубогіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда ол Әзербайжан өкілі Малик Хасановмен кездесті. Екінші раундта қарсыласының қабағы жарылып, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Нәтижесінде жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Осылайша Санатәлі Төлтаев турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Ал Малик Хасанов жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Төлтаев 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы болып табылады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан