17 сағат бұрын
Тимур Нұрсейітов Әлем кубогының ширек финалына шықты
Қазақстан құрамасының боксшысы Тимур Нұрсейітов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық кездесуде Нұрсейітов ирландиялық Тадг О’Доннеллмен қолғап түйістіріп, төрешілердің 3:2 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал оның қарсыласы жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Тимур Нұрсейітов өткен жылы Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанса, сондай-ақ «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен Странджа кубогында да күміс медаль жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан