Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Ұлттық ұлан сарбаздары Геннадий Головкинді ерекше құттықтады

Ұлттық ұлан сарбаздары Геннадий Головкинді ерекше құттықтады

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануына орай ерекше патриоттық акция ұйымдастырды.

Салтанатты шара барысында ұландықтар саптық алаңда чемпионның әлемге танымал брендіне айналған «GGG» жазуын бейнелеп, отандас спортшыға деген құрметтерін көрсетті.

Акция Геннадий Головкиннің бокстағы зор жетістіктері мен Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесін дәріптеуге арналды. Әскери қызметшілер осылайша ел мақтанышына айналған спорт аңызының тарихи жетістігін атап өтті.

Еске салайық, жуырда Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанып, бұл мәртебеге ие болған тұңғыш қазақстандық боксшылардың бірі ретінде тарихқа енді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан