12 сағат бұрын
Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының жүлдегерін жарыс жолынан шығарды
Фото:ҚБФ
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінің кезекті жарыс күнінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шықты.
Ол оңтүстік кореялық, париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джиге қарсы қолғап түйістірді.
Тартысқа толы жекпе-жекте Назым Қызайбай жарыстың басты фаворитін 3:1 есебімен жарыс жолынан ығыстырды.
Назым Қызайбай бұл жолы 54 келі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Айта кетейік, Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан