11 сағат бұрын
Қазақстан бокс федерациясында жаңа вице-президент тағайындалды
Фото:ҚБФ
Қазақстан бокс федерациясы президентінің шешімімен Мерей Ақшалов ұйымның қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін ол 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметін атқарып келген.
Айта кетейік, Мерей Ақшалов – 2013 жылғы әлем және Азия чемпионы. Ол спорттағы мансабында халықаралық деңгейде жоғары нәтижелер көрсеткен танымал боксшы
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан