Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Самат Адхам Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Самат Адхам Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Фото:ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясында кадрлық өзгерістер орын алды. Федерацияның бас хатшысы қызметіне Самат Адхам тағайындалды.

Самат Адхамның спорт саласындағы еңбек өтілі 11 жыл. Ол бокстан Қазақстанның спорт шебері.

Бұған дейін ол Қарағанды облысы бокс федерациясының атқарушы директоры, Қарағанды облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары, сондай-ақ Қазақстанның U15 және U17 жасөспірімдер құрамасының үйлестірушісі қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Мерей Ақшалов атқарып келген. Ол Қазақстан бокс федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан