7 сағат бұрын
Лаура Есенгелді жаңа салмақтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото:ҚБФ
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде 70 келіде Лаура Есенгелді сынға түсті.
Лаура Есенгелді 1/8 финалда Испания елінің өкілі Униа Мартинез Маспен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойыншп жерлесіміз жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Айта кетейік, Лаура Есенгелді Қазақстан чемпионы, бұл оның 70 келідегі алғашқы бәсекесі. Бұған дейін ол 65 келіде жұдырықтасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан