Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Әлем кубогінің үшінші жарыс күні қалай өтті?

Әлем кубогінің үшінші жарыс күні қалай өтті?

Фото:ҚБФ

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні мәресіне жетті.

Алғашқы болып 70 келіде жарыс жолына Абылайхан Жүсіпов шықты. Ол 1/8 финалда бразилиялық боксшыға қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

60 келіде Серік Теміржанов ел намысын қорғады. Ол АҚШ елінің өкілі Кайан Рейеспен өзара мықтыны анықтады. Алайда Серік Теміржанов 1/8 финалда сүрінді.

Бұдан өзге 80 келіде Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысы, әлем чемпионы Жавохир Умматалиевке қарсы жұдырықтасты. Көпшілік асыға күткен бұл жекпе-жекте қос елдің мықтысы барын салды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді.

Айта кетейік, бұған дейін қыздар арасынан 75 келіде жұдырықтасқан Наталья Богданова, 55 келі Тимур Қабдешов, 90 келіде Нұрбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан